О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 502 «Об утверждении Правил разработки проекта республиканского бюджета» Күшін жойған
Басқа 0
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы
№ 502 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 36-37-38, 250-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;»;
21-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.