О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 502 «Об утверждении Правил разработки проекта республиканского бюджета» Күшін жойған
Басқа 0
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы
№ 502 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 36-37-38, 250-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:
21-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Түсіндірме жазбаға, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бөлінісінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар тізбесі қоса беріледі.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.