О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 24 ноября 2017 года № 590 «О рейтинге регионов и городов по легкости ведения бизнеса и присуждении специальной премии по его итогам» Күшін жойған
Басқа 0
«Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұйымдастырушы жыл сайын 20 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне өткізілген рейтингтің нәтижелері бойынша материалдарды ұсынады.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.