О внесении изменений в решение акима района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2018 года № 46 «Об образовании избирательных участков по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 46 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 7-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 46 шешіміне (2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5095 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
«№ 372 сайлау учаскесі» жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 372 сайлау учаскесі сайлау учаскесінің орналасқан орны: Ломоносовка ауылы, Комсомольская көшесі, 3, «Ломоносов орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты; сайлау учаскесінің шекаралары: Ломоносовка ауылы.»;
«№ 384 сайлау учаскесі» жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 384 сайлау учаскесі сайлау учаскесінің орналасқан орны: Жаңасу ауылы, Школьная көшесі, 7а, «Еркін Әуелбеков атындағы Жаңасу бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты; сайлау учаскесінің шекаралары: Жаңасу ауылы.»;
«№ 411 сайлау учаскесі» жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 411 сайлау учаскесі сайлау учаскесінің орналасқан орны: Гаршино ауылы, Мир көшесі, 6, «СП Гаршино» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің ғимараты (келісім бойынша); сайлау учаскесінің шекаралары: Гаршино ауылы, Симоновка ауылы.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның сайлау
комиссиясының төрағасы
________________ Н.Қ. Барақаев
2019 жылғы __ қараша