О внесении изменения в решение акима Медеуского района города Алматы от 24 декабря 2019 года № 06-01/05 «Об образовании избирательных участков по Медеускому району города Алматы» Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 06-01/05 «Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскілерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 06-01/05 «Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1602 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
Тармақша 1
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес №378, №387 және №537 сайлау учаскелерінің орталықтары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте, осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Алматы қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы А. Қалықова
Басқа 1
2026 жылғы 16 маусымдағы
Алматы қаласы Медеу ауданы
әкімінің шешіміне қосымша
2019 жылғы 24 желтоқсандығы
Алматы қаласы Медеу ауданы
әкімінің шешіміне №1 қосымша
№ 378 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8Г/5, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғимараты.
№ 387 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6, «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
№ 537 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6, «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.