О признании утратившим силу постановления акимата района Аққулы Павлодарской области от 24 июня 2019 года № 1-03/154 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Аққулы» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 1-03/154 «Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 1-03/154 «Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» қаулысының (Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 маусымда № 6448 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз ету тапсырылады: осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу; осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.