О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 24 июня 2019 года № 193/2 «Об установлении карантинной зоны по черному сосновому усачу с введением карантинного режима на территории Павлодарской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы «Павлодар облысының аумағында карантиндік режимді енгізумен қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантиндік аймақты белгілеу туралы» № 193/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы «Павлодар облысының аумағында карантиндік режимді енгізумен қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантиндік аймақты белгілеу туралы» № 193/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6444 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Павлодар облысының аумағында карантиндік режимді енгізумен қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантиндік аймақтар
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы ___________________ № _______ қаулысына қосымша Павлодар облысының аумағында карантиндік режимді енгізумен қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантиндік аймақтар № Облыс қалалары мен аудандары Ауылдық округ Таралу шекарасы Алаңы, га 1 Аққулы Малыбай Көкжал орманшылығы, 99 квартал 20 Аудан бойынша барлығы: 20 2 Баянауыл Баянауыл Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Жасыбай орманшылығы 48 квартал 1 Аудан бойынша барлығы: 2 3 Шарбақты Галкин Мемлекеттік жер қоры 20 Аудан бойынша барлығы: 20 Облыс бойынша барлығы: 41