О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 155/НҚ «Об утверждении Правил оказания проактивных услуг» Қолданыста
Басқа 0
«Проактивті қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Проактивті қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Проактивті қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Проактивті қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. Проактивті қызметтерді көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрі
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 371/НҚ
бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 155/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Проактивті қызметтерді көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы проактивті қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және проактивті қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
Тармақша 2
2) проактивті қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
Тармақша 3
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы.
Тарау 2. 2-тарау. Проактивті қызметтерді көрсету тәртібі
2-тарау. Проактивті қызметтерді көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Проактивті қызметтер көрсету «цифрлық үкімет» веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысы абоненттік құрылғысының телефон нөмірі тіркелген кезде мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз, көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады және мыналарды:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуы бар хабарламалар жіберуді;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті мәліметтерді, оның ішінде қолжетімділігі шектелген мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алуды қамтиды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыға проактивті қызмет көрсетуге сұрау салуы бар хабарламаны жіберу талап етілмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыларды қызмет көрсету туралы міндетті түрде хабардар ету «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе «цифрлық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне мәтіндік хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Проактивті қызметтерді көрсету көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісімі болған жағдайда көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Проактивті қызметті көрсетуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген оқиғаның туындауы, сондай-ақ тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде болуы негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Тиісті оқиға туындаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті форматта алу туралы ұсынысы бар автоматты хабарлама жіберіледі.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызметті алуға келісімін жауап хабарламасын жіберу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілмен растайды.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушыдан жауап күту мерзімі сұрау салу алынған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін сұрау салу күшін жояды, ал көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жүгіну қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушының келісімін алғаннан кейін мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерін интеграциялау арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерге автоматтандырылған тексеру жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Проактивті қызметті көрсету кезінде мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде бар құжаттар мен мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Қажетті мәліметтер болмаған не проактивті қызметті көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға проактивті қызметті көрсетудің мүмкін еместігінің себептері көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Тармақ 12
12. Барлық қажетті мәліметтер болған кезде проактивті қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында және тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген мерзімде көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Проактивті көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы тиісті мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген нысанда жіберіледі.
Тармақ 14
14. Проактивті қызмет көрсетілетін цифрлық жүйенің иесі болып табылатын мемлекеттік орган көрсетілетін қызметті алушыдан алынған ақпараттың толықтығын, анықтығын және жаңартылуын, рұқсатсыз қол жеткізуден қорғалуын, сондай-ақ ақпараттың уақтылы берілуін және өзгеріссіз сақталуын қамтамасыз етеді.