О внесении изменений в решение маслихата района Аққулы от 24 июля 2020 года № 268/55 «Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Шарбактинского сельского округа района Аққулы» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі «Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» № 268/55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі «Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» № 268/55 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6914 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Аққулы ауданының Шарбақты ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес бекітілсін»; көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес бекітілсін».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 118/22 шешіміне 1 - қосымша Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Шарбақты ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны - ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы: Жабағылы, Төсағаш, Шарбақты ауылдарына бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында ауылдар тұрғындарынан үш адамнан аспайтын жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей құлағдар етілетін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 - бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат немесе әлеуметтік желілер арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауылдар шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында «Қазақстан Респубикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес оған қатысуға құқығы бар қатысып отырған тиісті ауыл тұрғындарын тіркеуі жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аққулы ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппаратына қағаз жеткізгіште беріледі.
Басқа 19. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 118/22 шешіміне 2 - қосымша Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Р/с№ Ауылдардың атауы Шарбақты ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) 1 Жабағылы ауылы 2 2 Төсағаш ауылы 2 3 Шарбақты ауылы 3