О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 358 «Об утверждении Стандарта полицейского» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Полицей стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 358 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Полицей стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20500 болып тіркелген, 2020 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Полицей стандартында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Полицей азаматтардың, қоғамның және жалпы мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, заңдылық, әділеттілік және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алатын қызметке шын берілген өз елінің патриоты болуы тиіс.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.