О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 24 декабря 2020 года № 399 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7906 тіркелген, 2021 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қазақ тіліндегі шешіммен айқындалған, Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде: 4 тармағында: «көпбалалы отбасы» сөздері «аз қамтылған отбасы» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді; 10 тармақ келесі жаңа редакцияда мазмұндалсын: «10. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №21500 тіркелген, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 16 қазандағы №539 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.