О внесении изменения в решение Арысского городского маслихата от 24 июня 2020 года № 52/363-VІ «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Арыс» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 52/363-VІ «Арыс қаласы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi №512 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11015 тіркелген) сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №52/363-VІ «Арыс қаласы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5709 тіркелген және 2020 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған)  шешіміне  мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Арыс қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің 4-тармағының 18-тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
Тармақ 2
2. «Арыс қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1)  осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қалалық мәслихат аппаратының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.