О внесении изменений в постановления акимата Тарбагатайского района от 24 августа 2020 года № 583 «Об определении мест для осуществления выездной торговли по Тарбагатайскому району» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 583 «Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабының 1, 2-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 583 «Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7493, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 28 тамызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар
2020 жылғы 13 қазаны № 996 қаулысына қосымша Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар
Тармақ 1
1. Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесімен Байыс баба көшесі қиылысының жанында;
Тармақ 2
2. Ақсуат ауылы,Орталық стадиондағы су бұрқақтың жанында;
Тармақ 3
3. Ақжар ауылы, Жамбыл көшесіндегі «Адал» дүкені жанында;
Тармақ 4
4. Ақжар ауылы, Қабанбай батыр атындағы саябақтың ішіндегі алаң;
Тармақ 5
5. Құмкөл ауылы, Қабанбай көшесінің бойындағы бұрыңғы ауыл әкімшілігі ғимаратының алдындағы алаң;
Тармақ 6
6. Маңырақ ауылы, Дәулетбай көшесіндегі дүкендердің жанында;
Тармақ 7
7. Ойшілік ауылы, Қабанбай көшесінің бойындағы орталық саябақ пен «Инабат»дүкені арасындағы алаң;
Тармақ 8
8. Тұғыл ауылы, Желтоқсан көшесінің маңы;
Тармақ 9
9. Тұғыл ауылы, Тұғыл ауылынан 5 км қашықтықтағы Омск – Майқапшағай республикалық тас жолының маңы;
Тармақ 10
10. Тұғыл ауылы, Құсты өзен учаскесінің маңы.