О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 24 февраля 2021 года № 88 «Об утверждении перечня и норм субсидий на удобрения, а также объемов бюджетных средств на субсидирование удобрений (за исключением органических) на 2021 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 24 февраля 2021 года № 88 «Об утверждении перечня и норм субсидий на удобрения, а также объемов бюджетных средств на субсидирование удобрений (за исключением органических) на 2021 год»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 88 «2021 жылға арналған тыңайтқыштарға субсидиялардың тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 502
- Қабылданған күні
- 05.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2021 160133_544325.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21N0025121
- ЭКБ идентификаторы
- 160133
- Редакция идентификаторы
- 160133_544325
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:05
0 Әкімдіктің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 88 «2021 жылға арналған тыңайтқыштарға субсидиялардың тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «2021 жылға арналған тыңайтқыштарға субсидиялардың тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» 2021 жылғы 24 ақпандағы № 88 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі тақырып жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«2021 жылға арналған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы»;
мемлекеттік тілдегі 1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тізбесі мен субсидиялар нормалары;»;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 90-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 474, 475, 476 және 477-жолдармен толықтырылсын:
«
474
«Торфопродукт Азот» маркалы «Торфопродукт» органикалық минералды кешені
гумин қышқылдары, кемінде 0,1 Азот (N) 10
литр
925,00
475
«Торфопродукт Бор» маркалы «Торфопродукт» органикалық минералды кешені
гумин қышқылдары, кемінде 0,1
Бор (В) 0,45
литр
950,00
476
ИНТЕРМАГ ЗЕРНОВЫЕ (INTERMAG ZBOZA) минералды тыңайтқышы
N-15%, N-NH2-15,0%, MgO-2,0%, SO3-4,5%, Fe(EDTA)-0,8%, Mn (EDTA)-1,1%, Cu (EDTA)- 0,9%, Zn (EDTA)-1,0%, Mo-0,005%, Ti-0,02%
литр
471,14
477
ОПТИСИЛ (OPTYSIL) минералды тыңайтқышы
SiO2-16,5%, Fe-EDTA-2,0%
литр
2 013,33
».