О внесении изменений в решение Петропавловского городского маслихата Северо-Казахстанской области от 24 ноября 2023 года № 2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Петропавловска» Қолданыста
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7637-15 болып тіркелген) 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілін:
Аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«6. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері осы Қағидалармен белгіленеді.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін, жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
Дүлей апат немесе өрттің салдарынан мүлкіне залал келтірілген кезде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан, зардап шеккен мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесі осы Қағидалармен бекітіледі.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде Петропавл қалалық мәслихаты бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.» ;
7-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«7. Осы Қағидалар 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар орын алған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«10. Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына жан басына шаққандағы орташа табысы ескере отырып көрсетіледі:
1) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматқа (жылына бір рет) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.;
2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы болғанда біржолғы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»
11-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
1) өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне, біржолғы 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, біржолғы;)
2) дүлей апат салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне, біржолғы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, біржолғы;
3) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы бо қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен адамдарға,басқа адамдарға, жұмысшылар мен қызметшілерді қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген, 1979 жылғы 1 желтоқсан мен 1989 жылғы желтоқсан аралығында Ауғанстанға және басқа да елдерде жауынгерлік әрекеттерге қатысқан, сондай-ақ Ауғанстан аумағында уақытша болған және Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамына кірмеген бұрынғы КСР Одағының Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің жұмысшылары мен қызметшілеріне жолдама бойынша жол жүрудің нақты құнын өтеуге жіберілді емдеу-алдын алу мекемелерінің ауруханаға жатқызу орнына дейін және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол (плацкарт немесе купе үлгісіндегі вагондар), жол жүру фактісі (жол жүру билеті, электрондық жол жүру билеті, билеттерге ақы төлеу туралы банктік шоттан үзінді көшірме) расталған және емдеуге жатқызу фактісін куәландыратын құжаттар (емдеу-профилактикалық мекемеден үзінді көшірме және басқалар) ұсынылған кезде көрсетілген көлік құралдарының бір түрінің жөнелту станциясынан автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) мерзімдік (жылына бір рет)) жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде;
4) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерді, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлерді қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға жұмыс түрлері мен материалдарын (шарт, фискалдық чек) міндетті түрде көрсете отырып, тіс протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан алынған төлем шотын ұсынған жағдайда, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, мерзімді (жылына бір рет) тіс протездеудің нақты құнын өтеуге, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын өлшемде.
5) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілмеген емдеуші дәрігердің рецепті бойынша мамандандырылған емдік тамақтану тағайындалған мүгедек балаларға ай сайын берілген шот-фактураға сәйкес, бірақ 50 (елуден) аспайтын) айлық есептік көрсеткіштер;
Осы тармақтың 3) – 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді»;
11.1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«11.1 Емдеуге (сауықтыруға) әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына кірістер есепке алынбай көрсетіледі:
1) АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
2) «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) сәйкес II, II А немесе IV клиникалық топтағы қатерлі ісігі бар азаматқа мерзімді (жылына бір рет) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Петропавл қаласының мемлекеттік және жеке медициналық мекемелері ұсынатын тізімдер негізінде Солтүстік Қазақстан облысының облыстық фтизиопульмонология орталығында амбулаториялық емделуде болған кезеңде туберкулезбен ауыратын азаматқа қосымша тамақтануға - мерзімді (ай сайын) 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.»;
11.2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына кірістер есепке алынбай ұсынылады:
1) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға әлеуметтік көмек Заңы 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта аталған адамдарға Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторияларында) санаторлық-курорттық емделуге, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-профилактикалық мекемесінің ұсынымдарына сәйкес санаторлық-курорттық картадан үзінді көшірме ұсыныла отырып (шарт, фискалдық чек, емдеуге жолдама) , санаторлық-курорттық емдеу құны мөлшерінде, бірақ жылына 1 (бір) рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
Санаторлық-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы (ЖАОБ) әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді.
2) Қазақстан Республикасының шипажайларында (профилакторияларында) санаторлық-курорттық емделуге арналған Петропавл қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің ұсынымдарына сәйкес санаторлық-курорттық емдеу түрінде әзірленген жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге және жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курорттық емдеу құны 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мерзімді (жылына бір рет) көрсетіледі. Жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмектің осы түрін көрсету кезінде бірінші, екінші, үшінші топтарға мүгедектігі бар баланы санаторлық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне әлеуметтік көмек көрсетілетін соманың 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.»;
11.3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«11.3. уәкілетті ұйым ұсынатын тізім бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтарға қатысқан Социалистік Еңбек ерлеріне, Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесінің иегерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға Мемлекеттік корпорация ұсынған тізімдер бойынша азаматтардан өтініштер талап етілмей, табыстарын есепке алмай, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде мерзімді (ай сайын) 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.»;
26-тармақтың үшінші абзацындағы «тенге» деген сөз «теңге» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.