О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 24 августа 2023 года № 221 «Об организации питания отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций Актюбинской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 221 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе облысының мектепке дейінгі ұйымдарында келесі жекелеген санаттағы балаларға тамақтану құнының 100% мөлшерінде тамақтандыру ұйымдастырылсын: жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға; мүгедектігі бар балаларға; атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға; атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға.».
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.