О внесении изменения в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 24 октября 2023 года № 7-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления её размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық
мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 7-3
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының
әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 7-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7614-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
1-тарауының 2 тармағының 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпарация) - Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету,мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерінкөрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.