О внесении дополнения в решение Бородулихинского районного маслихата от 24 октября 2024 года № 23-4-VIII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Бородулихинскому району» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 23-4-VIII «Бородулиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бородулиха аудандық мәслихатының «Бородулиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2024 жылғы 24 қазандағы № 23-4-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 361-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімнің 2-тармағында он бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.