О признании утратившим силу постановление акимата Жарминского района от 24 февраля 2025 года № 48 «О предоставлении дополнительных мер социальной помощи лицам с инвалидностью» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарма ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 48 «Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жарма ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 48 «Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну туралы» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2025 жылғы 27 ақпанда электронды түрде жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Абай облысы Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Сатпековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.