О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 февраля 1992 года № 152 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 25 ақпандағы № 152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 601 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Азаматтарды анықтау, алдын-ала тергеу, прокуратура органдарына немесе сотқа шақыруға байланысты олардың шығындарын өтеу мен оларға сыйақы төлеудің тәртібі мен мөлшері туралы нұсқауды бекіту туралы" 1992 жылғы 25 ақпандағы N 152 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 6, 107-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды анықтау, алдын-ала тергеу, прокуратура органдарына немесе сотқа шақыруға байланысты олардың шығындарын өтеу мен оларға сыйақы төлеудің тәртібі мен мөлшері туралы нұсқауда: 6-тармақтағы "Алматы қаласына тәулігіне 25 сом және 20 сом" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің екіден бірі" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтағы "6 сомнан 7 сом 50 тиынға" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің тоғыздан біріне" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақта: төртінші абзацта: "181 сом 30 тиын" деген сөздер "5 айлық есепті көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын; "7 сом 55 тиын" және "4 сом 53 тиын" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің оннан бірі" деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші абзацта: "123 сом 40 тиын" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің екіден бірі" деген сөздермен ауыстырылсын; "5 сом 15 тиын" және 3 сом 09 тиын" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің оннан бірі" деген сөздермен ауыстырылсын; жетінші абзацта: "5 сом 80 тиыннан 6 сом 60 тиынға дейін" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің тоғыздан біріне" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.