О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 1996 года N 1621 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.19. N 29 қаулысымен. "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1322 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары және біліктілік талаптары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 506-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) атауында және мәтінінде: "тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын; "жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақтың үшінші абзацы "тасымалдаумен" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы ережеде: атауында: "тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын; "жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын; мәтінінде: "Көлік және коммуникациялар министрлігінің", "Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің", "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; "Көлік, инспекциясы", "Көлік инспекциясының" деген сөздер "Көліктік бақылау комитеті", "Көліктік бақылау комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді, қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдау лицензиялауға жатады"; 3-тармақтағы "немесе патент (бұдан әрі - лицензия)" деген сөздер алынып тасталсын; 4-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын; 6-тармақта: екінші және үшінші абзацтар "тасымалдауға" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын; төртінші абзацтағы "бір мезгілде" деген сөз алынып тасталсын, "тасымалдауға" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен ауыстырылсын; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензияларда оның мынадай қолданылу аймақтары көрсетіледі:"; он екінші абзац алынып тасталсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Лицензиялық алымды заңды және жеке тұлғалар лицензия алғанға дейін енгізеді. Лицензия беруден алынған қаражат салық заңдарына сәйкес төленеді"; 9-тармақта: б) тармақшасындағы "және әрбір көлік бірлігі үшін құжатқа ақы төленгенін" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы ж) тармақшасымен толықтырылсын: "ж) автокөлік құралдарының жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдауға жіберілгені туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі"; 10-тармақтың бірінші абзацы "30 күннен" деген сөздерден кейін "шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он күннен" деген сөздермен толықтырылсын; 17-тармақтағы "әрбір көлік құралына" және "немесе құжаттың" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақша 3
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдаумен айналысатын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарында: атауында: "тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын; "жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді, қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектілер мынадай біліктілік талаптарына сай болуға тиіс:"; алтыншы абзацтағы "және коммуникациялар" деген сөздер "коммуникациялар және туризм" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.