О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 марта 1996 года N 342 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 наурыздағы N 342 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Уақытша тауарлар әкелуге (әкетуге) кеден режимін қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 наурыздағы N 342 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 13, 100-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
Кеден бажы мен салығын төлеуден босатылған, уақытша әкелінетін (әкетілетін) тауарлар мен көлік құралдарының тізбесі мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
"20. Астық, техникалық, май және басқа да дақылдар жинауға арналған комбайндар, фронтальдық, жабынды, тіркемелік жаткалар".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.