О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 июня 1996 г. N 786 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 786 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Мемлекеттiк құнды қағаздарды шығару мен оның айналысының тетiгiн тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 786 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 255-құжат) қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: қаулының атауындағы және 1,2,3-тармақтардағы "мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi" деген сөзден кейiн "МЕККАМ" деген сөзбен толықтырылсын; аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты және он екi ай болатын мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртiбi туралы ережеде: Ереженiң атауындағы және мәтiнiндегi "мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн", "мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер" деген сөздерден кейiн "МЕККАМ" деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "МЕККАМ" атауы қазақ тiлiнде "Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттеме" деп оқылады; 7-тармақта: "резидент еместердiң қатысу үлесiн" деген сөз алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "резидент еместердiң аукциондарға қатысу үлесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайды."