О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 марта 1996 года № 342 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 наурыздағы № 342 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.07.2003 № 668 Қаулысымен. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Уақытша тауарлар әкелуге (әкетуге) кеден режимiн қолданудың, кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 наурыздағы N 342 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 13, 100-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: Кеден бажы мен салығын төлеуден босатылған уақытша әкелiнетiн (әкетiлетiн) тауарлар мен көлiк құралдарының тiзбесiндегi: 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Акцизделуге жататындарды қоспағанда, мемлекеттiк сыртқы заемдар қаражатынан қаржыландырылатын және Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына енгiзiлген инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде пайдаланылатын көлiк құралдары."; 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Осы тармақтың бiрiншi абзацында көзделген айырықшалықтар мемлекеттiк сыртқы заемдар қаражатынан қаржыландырылатын және Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгiзілген инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде пайдаланылатын кәсiби жабдыққа қолданылмайды.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.