Об утверждении Изменений и дополнений в Положение о порядке регистрации Национальным Банком Республики Казахстан договоров гарантий и поручительств, выданных банками второго уровня, утвержденное постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан "Об утверждении Положения о порядке регистрации Национальным Банком Республики Казахстан договоров гарантий и поручительств, выданных банками второго уровня" от 25 июля 1997 г. N 288 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысымен  бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшіне енгізiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 28 қарашадағы N 438 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктер берген кепілдiктер шарттарын тiркеу ережелерi".
Тармақ 2
2. Барлық мәтiн бойынша "осы Ереже", "осы Ереженiң", "осы Ережеге" деген сөздер "осы Ережелер", "осы Ережелердiң", "осы Ережелерге" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Тараулардың атауларындағы "I", "II" "III", "IV" деген сандар "1", "2", "3", "4" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. 1-тараудың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Банктер теңгемен және шетел валютасымен берген сомасы 5 млн. теңгеден асатын кепiлдiктер (кепiлдемелер) Ұлттық Банкте тiркелуге тиiс".
Тармақ 5
5. 1-тараудың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Екi немесе одан көп парақ етiп жасалған кепiлдiктердiң (кепiлдемелердiң) шарттары нөмірленiп, тiгiлуi керек, қағаз пломбамен қойылуы және банктiң мөрiмен бекiтiлуi керек."
Тармақ 6
6. 2-тараудың 10-тармағындағы "5" саны "бес жұмыс күнiнен" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 7
7. 11-тармақтағы: ", ал Ұлттық Банк оны тiркеуге" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Мұндай талап банктерде жекелеген пруденциалдық нормативтердiң бұзылуын жою жөнiнде Ұлттық Банк Басқармасы мақұлдаған (келiскен) iс-шаралар жоспарлары (бағдарламалары) болса және олар орындалған болса қолданылмайды."
Тармақ 8
8. 2-тараудың 13-тармағындағы "бес" деген сөз "жетi жұмыс күнi" деген сөздермен ауыстырылсын. Ұлттық Банк Төрағасы