О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 1998 года N 1334 и от 25 декабря 1998 года N 1335 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 және 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 қазандағы N 1522 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
Тармақша 1
1) "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IҮ "Шығыстар" бөлiмiнде:
12 "Көлiк және байланыс" функционалдық топтың 2 "Байланыстар жүйесi" iшкi функциясындағы "215 Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi" деген сөздер "611 Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегі агенттiгі" мемлекеттiк мекемесi деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысына:
аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiнде:
215 "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi" мекемесi бойынша:
32 "Арнайы байланыспен қамтамасыз ету" бағдарламасы алынып тасталсын;
30 "Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызмет" кiшi бағдарламасы алынып тасталсын;
610 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесінің 1 "Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар" бағдарламасының 1 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"611. "Қазақстан Республикасының құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесі, 32 "Арнаулы байланысты қамтамасыз ету" бағдарламасы, 30 "Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет" кіші бағдарламасы";
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің
тізбесінде:
"10 Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"10 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі
агенттігі".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.