О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 1998 года N 1334 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орындалған жұмыс көлемі үшін пайда болған берешектерін өтеу мақсатында және "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 24-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығыстар" бөлімінде:
3 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік" функционалдық тобының 1 "Құқық қорғау қызметі" кіші функциясының 201 "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" мекемесінің 1 "Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар" бағдарламасының 1 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасы бойынша "837552" деген сан "1009552" деген санмен ауыстырылсын;
3 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік" функционалдық тобының 1 "Құқық
қорғау қызметі" кіші функциясының 201 "Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі" мекемесінің 1 "Республикалық деңгейдегі әкімшілік
шығыстар бағдарламасының 2 "Аумақтық органның аппараты" кіші бағдарламасы
бойынша "4585983" деген сан "4413983" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.