О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 1998 года N 1334 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қ. Мұңайтпасов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың Астана қаласына қоныс аударуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. №"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: ІҮ "Шығыстар" бөлімінде: 4 "Білім беру" функционалдық тобындағы 2 "Бастауыш және орта білім беру" кіші функциясындағы 224 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесіндегі 31 "Дарынды балаларды мемлекеттік қолдау" бағдарламасында: 36 "Қ.Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" кіші бағдарламасындағы "71151" деген сан "62287" деген санмен ауыстырылсын; "К.Ахметов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" кіші бағдарламасындағы "58131" деген сан "66995" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.