О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 1998 года N 1334 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 24-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Тармақша 1
1) "Шығыстар" бөлімінде: 15 "Ресми трансферттер" функционалдық тобы 1 "Ресми трансферттер" ішкі функциясының 131 "Астана қаласының әкімі" мекемесінің 18 "Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер" бағдарламасының 32 "Гумилев атындағы Еуразия университетінің оқу-әкімшілік корпусының құрылысын аяқтау" ішкі бағдарламасы бойынша "2 398 870" деген сан "2 376 151" деген санмен ауыстырылсын; 15 "Ресми трансферттер" функционалдық тобы 1 "Ресми трансферттер" ішкі функциясының 131 "Астана қаласының әкімі" мекемесінің 18 "Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер" бағдарламасының 33 "Ұлттық мұражайдың құрылысын аяқтау" ішкі бағдарламасы бойынша "2 503 675" деген сан ;2 526 394" деген санмен ауыстырылсын; 6 "Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек" функционалдық тобы 1 "Әлеуметтік қамтамасыз ету" ішкі функциясының 213 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" мекемесінің 31 "Мемлекеттік әлеуметтік жалпы жәрдемақылар" бағдарламасының 30 "Мүгедектігі бойынша" ішкі бағдарламасы бойынша "14 553 643" деген сан" "14 323 095" деген санмен ауыстырылсын; 6 "Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек" функционалдық тобы 1 "Әлеуметтік қамтамасыз ету" ішкі функциясының 213"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" мекемесінің 31 "Мемлекеттік әлеуметтік жалпы жәрдемақылар" бағдарламасының 31 "Асыраушысынан айрылуына байланысты" ішкі бағдарламасы бойынша "12 052 370" деген сан "12 282 918" деген санмен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Несиелендіру бөлімінде: 12 "Көлік және байланыс" функционалдық тобы 1 "Автомобиль көлігі" ішкі функциясының 115 "Шығыс Қазақстан облысының әкімі" мекемесінің 80 "Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы" бағдарламасының 80 "Жобаны сыртқы заемдардың есебінен іске асыру" ішкі бағдарламасы бойынша "3 875 456" деген сан "4 608 903" деген санмен ауыстырылсын; 12 "Көлік және байланыс" функционалдық тобы 1 "Автомобиль көлігі" ішкі функциясының 115 "Шығыс Қазақстан облысының әкімі" мекемесінің 80 "Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы" бағдарламасының 81 "Жобаны республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру" ішкі бағдарламасы бойынша "1 360 136" деген сан "626 689" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.