О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 1998 года N 477 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 15, 134-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары туралы ережеде:
2-тармақтың екiншi абзацындағы "Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың екiншi абзацындағы "алуды" деген сөзден кейiн "және iзденушiнiң нақты шығармашылық үлесi бойынша оның мәлiмделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестiгiн анықтауды" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясы туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясының" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың үшiншi абзацы "Мемлекеттiк сыйлықтарды" деген сөздердiң алдынан "iзденушiнiң нақты шығармашылық үлесi бойынша оның мәлiмделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестiгiн анықтай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың жетiншi абзацындағы "Ғылым министрлiгiне-Ғылым академиясына" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Павлов - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич Премьер-Министрiнiң бiрiншi
орынбасары, төраға
Құлекеев - Қазақстан Республикасының
Жақсыбек Әбдiрахметұлы Бiлiм және ғылым министрi,
төрағаның орынбасары
Досқалиев - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрi
көрсетiлген құрамнан Мұхаметжанов Бауыржан Әлiмұлы, Беркiмбаева Шәмша Көпбайқызы, Сейсембаев Манас Ахметжарұлы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.