О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 1998 года N 477 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14. N 807 Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 15, 134-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін: Комиссияның төралқасына: Тасмағамбетов           - Қазақстан Республикасы Иманғали Нұрғалиұлы       Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Бектұрғанов             - Қазақстан Республикасының Нұралы Сұлтанұлы          Білім және ғылым министрі, тең төраға Жолдасбеков             - Қазақстан Республикасы Білім Мырзатай Жолдасбекұлы     және ғылым министрлігінің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің ректоры (келісім бойынша) Шоқпытов                - Қазақстан Республикасының Андарь Мәулешұлы          Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі Комиссия мүшелігіне: Мәсімов                 - Қазақстан Республикасының Кәрім Қажымқанұлы         Көлік және коммуникациялар министрі;
Тармақша 2
2) мына жол: "Школьник               - Қазақстан Республикасының Владимир Сергеевич        Энергетика, индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары" мынадай редакцияда жазылсын: "Школьник               - Қазақстан Республикасы Владимир Сергеевич        Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, тең төраға";
Тармақша 3
3) Комиссияның көрсетілген құрамынан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукеев, Серік Мінәуарұлы Бүркітбаев, Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаев, Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.