О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 1998 года N 477 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14. N 807 Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 15, 134-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар экономиканың әр түрлі салаларында мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін"; 2-тармақта "5 сыйлық санында" деген сөздер "6 сыйлық санында, оның ішінде біреуі мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыс үшін" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың екінші абзацы "Комиссия" деген сөзден кейін "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясы туралы ережеде: 3-тармақтың үшінші абзацы "және" деген сөзден кейін "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақта: бірінші абзацтың екінші сөйлемінде "Мемлекеттік сыйлықтар" деген сөздер "жеке бір Мемлекеттік сыйлық" деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші, төртінші және бесінші абзацтарда "бес" деген сөздер "алты" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі