О внесении изменений и дополнений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 25 июня 1998 года N 9 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Тармақ 1
Тармақ 2
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті реттеу және инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасы Презитентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженің 4-тармағы 11) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі - "Ұлттық комиссиясы" деп аталады) Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 06 тамызда 562 нөмірмен тіркелген "Бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақтағы "50.000 айлық есепті көрсеткіш" деген сөздер "60.000 айлық есепті көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 1-1
"1-1. Бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыруға арналған қажетті резервтік және сақтандыру капиталының ең төменгі деңгейі жарияланған жарғылық капиталдың 30 және 20 пайызы мөлшерінде белгіленсін.";
Тармақша 3
3) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
"2. Бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ы 2000 жылғы 01 қаңтарға дейінгі мерзімде өз, резервтік және сақтандыру капиталдарының мөлшерін осы Қаулыға сәйкес келтірсін.".
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет минстрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.