О внесении изменений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О требованиях, предъявляемых к профессиональным участникам рынка ценных бумаг" от 25 июня 1998 года N 9 Күшін жойған
Басқа 0
"Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның капитализациялау деңгейiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 9) тармақшасының негiзiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 06 тамызда 562 нөмiрмен тiркелген "Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 149-бет; "Рынок және құқық". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 8(10), 15-бет):
Тармақша 1
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
"1. Бағалы қағаздар рыногындағы депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi жеткiлiктi өз капиталының ең төменгi деңгейiне қойылатын мынадай талаптар белгiленсiн:
2000 жылғы 01 шiлдеге дейiн - 60.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде;
2000 жылғы 01 шiлдеден 2001 жылғы 01 шiлдеге дейiн - 70.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде;
2001 жылғы 01 шiлдеден бастап - 90.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде.";
Тармақша 2
2) 2-тармақтағы "2000 жылғы 01 қаңтарға дейiнгi мерзiмде" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.