О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 1998 года № 1334 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
"Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту туралы іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 299 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
IV. "Шығыстар" бөлімінде:
12. "Көлік және байланыс" функционалдық тобында:
"Су көлігі" 3-ішкі функциясындағы "Қазақстан Республикасының
Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі" деген жолда:
"33 Су жолдарын кеме жүретін жағдайда қамтамасыз ету және
шлюздерді ұстау" бағдарламасындағы "103673" деген сан "83673" деген санмен
ауыстырылсын;
"33 Су жолдарын кеме жүретін жағдайда қамтамасыз ету және
шлюздерді ұстау" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен
толықтырылсын:
"114 Атырау облысының әкімі 20 000
"33 Су жолдарын кеме жүретін жағдайда
қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау" 20 000
30 Орал-Каспий арнасында және Қиғаш
өзенінің сағасында табандық
тереңдету жұмыстары 20 000"
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.