О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 августа 1999 года N 1236 и от 15 марта 2006 года N 175 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 тамыздағы N 1236 және 2006 жылғы 15 наурыздағы N 175 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандары мен оларды берудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 тамыздағы N 1236 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 381-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандары мен оларды берудiң тәртiбiнде: 1-тармақтағы ", куәлiктеме" деген сөз алынып тасталсын;
Тармақ 2
2-тармақ алынып тасталсын;
Тармақ 16
16-тармақ "лицензиялары бар" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк аттестаттаудан өткен" деген сөздермен толықтырылсын; 19-тармақтың төртiншi абзацы алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1310 Қаулысымен.
Тармақ 2
2. 2006 жылғы 15 сәуiрден бастап "Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандары мен оларды берудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 тамыздағы N 1236 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 381-құжат) қолданылуы жаңғыртылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.