О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 марта 1999 года N 297 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 297 қаулысына толықтыру енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.30. N 1817 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 88-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
10-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"капиталдың қозғалысына байланысты, 10 миллион АҚШ долларына баламдыдан жоғары валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуін (ауысуын) көздейтін операцияларға лицензиялар беруді келісуді жүзеге асырады".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.