О внесении изменений и дополнений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 25 июня 1999 года N 355 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия") Директоратының 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысына сәйкес "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жататын есебін сәйкестендіру мақсатында Ұлттық комиссияның Директораты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 шілдеде N 849 тіркелген, Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 "Бұқаралық ақпарат құралдарына зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы туралы қаулысына мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақта: 1)-тармақшасында "тоқсан сайын" сөзінен кейін "есепті тоқсан бойынша" сөзімен толықтырылсын; 2)-тармақша "қаржылық жылдың аяқталуы бойынша" деген сөздің алды "ай бойынша" деген сөзбен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 2-1 бап мына мазмұнда толықтырылсын: "2-1. 1-қосымшаның 1-бөліміндегі 16-графасында көрсетілген зейнетақы активтерінің табысы осы Қаулымен мына формуламен есептелінетіні анықталсын: ((Сn/С1) -1) : S) Т 100 С1 - зейнетақы активтерінің шартты өлшемі күнтізбелікті жылдың соңғы айының орташа құны, келер жылдың есепті тоқсаны. Сn - зейнетақы активтерінің есепті тоқсанындағы соңғы айының шартты өлшемінің орташа құны; S - осы есепті тоқсанның басынан бастап соңғы күнінен дейінгі жыл бойындағы күнтізбелік күннің саны; Т - есепті тоқсанның жыл бойындағы күнтізбелік күнінің саны;
Тармақша 3
3) 2-2-тармақты мына мазмұнда толықтырылсын: "2-2. осы Қаулымен 1-қосымшаның 1-бөлімінің "Зейнетақы активтерін нивестициялау (%)" бағанасына жинақтаушы зейнетақы қорларын зейнетақы активтерін инвестициялаудың жалпы құнының есептелген көрсеткіштерінің проценті көрсетілгендігі (инвестициялық қорлардағы және ақша аудару жолындағы орналастырылмаған қалдығын есептемей)." анықталсын;
Тармақша 4
4) 1-қосымшаның 1-бөліміндегі 16 бағанасының аталуы осы Қаулымен мына редакцияда баяндалсын: "Зейнетақы активтерінің жыл басынан табысының өсімі жөнінде (жылдық %)".
Тармақ 2
2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өткен күннен күшіне енетіндігі айқындалсын.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және хлықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өзінің мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.