О внесении изменения и дополнения в Правила составления и представления финансовой и регуляторной отчетности кредитными товариществами, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 декабря 1999 года N 472 "Об утверждении Правил составления и представления финансовой и регуляторной отчетности кредитными товариществами" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқарамасының 23.12.2002 № 508 қаулысымен. Банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген өзгерiс пен толықтыру бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және кредиттiк серiктестiктерге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен Келісілген 23 қараша 2000 жыл
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс пен толықтыру
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 13 қазандағы N 387 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс пен толықтыру
Тармақ 1
1. 6-тармақтың 1) тармақшасындағы "N 3 нысан бойынша ақша қозғалысы туралы есеп (Ережеге N 3 нысан)" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақ 2
2. 6-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi тармақшамен толықтырылсын: - "3) "N 3 нысан бойынша ақша қозғалысы туралы есеп (Ережеге N 3 нысан) жыл сайын берiлiп отырады".