О внесении изменения в Правила составления и представления финансовой и регуляторной отчетности организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 декабря 1999 года № 455 "Об утверждении Правил составления и представления финансовой и регуляторной отчетности организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекiтiлген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс енгiзу туралы 📌 Сноска. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі Басқарамысының 23.12.2002 № 509 қаулысымен. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекiтiлген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген өзгерiс бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекiтiлген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiстi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тiркеуден өткізiлген күннен бастап екі апталық мерзiмда осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесін бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекітiлген Банк операцияларының жекелеган түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеуші есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінiңаумақтық филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен Келісілген 23 қараша 2000 жыл
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекiтiлген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 13 қазандағы N 388 қаулысымен Бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекiтiлген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс - 6-тармақтың екінші бөлігіндегі "тоқсан сайын" деген сөз "жыл сайын" деген сөзбен ауыстырылсын.