О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 марта 2000 года N 247 "Об утверждении Типовых правил приема в высшие учебные заведения Республики Казахстан" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 1118 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 жылы N 6 жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 1514 тіркелген 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 1859 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2002 жылы, тамыз, N 30 жарияланған 2002 жылғы 17 мамырдағы N 366 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 2211 тіркелген 2003 жылғы 22 ақпандағы N 116-1 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 2808 тіркелген 2004 жылғы 23 наурыздағы N 241 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 3559 тіркелген 2005 жылғы 11 наурыздағы N 149 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарына сәйкес енгізілген өзгерістерімен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерінде (бұдан әрі - Үлгі ережелер): 3-тармақта: екінші абзацта "жалпы бiлiм беретiн мектептi" деген сөздер "жалпы орта білім беретін ұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацта: "ҰБТ-ға қатыспаған" деген сөздер алынып тасталсын; "тәжiк тілдерiнде аяқтаған бiтiрушiлерi," деген сөздерден кейін "бала кезінен мүгедектер," деген сөздермен толықтырылсын; төртінші абзацта: "Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгiне," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитетіне" деген сөздермен толықтырылсын; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақта "40 баллды" деген сөздерден кейін ", медицина мамандықтары бойынша ақылы бөлімге студенттер қатарына қабылдау үшiн 60 баллды" деген сөздермен толықтырылсын; Үлгі ережелерінің 1-қосымшасында: кестенің реттік нөмірі 3-жолда "Ішкі істер министрлігі" деген сөздер "Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын; кестенің реттік нөмірі 7-жолда "жөніндегі агенттігі" деген сөздер "министрлігі" деген сөзбен ауыстырылсын; Үлгі ережелерінің 3-қосымшасының атауында "Кешенді тест сынағы" деген сөздер "ҰБТ және кешенді тестілеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Нұрғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.