О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 марта 2000 года N 247 "Об утверждении Типовых правил приема в высшие учебные заведения Республики Казахстан", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за № 1118 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1118-бен тiркелген "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнің 2000 жылғы 25 наурыздағы бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.12.19. N 638 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1118-бен тiркелген, 2000 жылғы 16 мамырда N 1118-1119 (23131-23132) "Казахстанская Правдада" жарияланған), "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігiнде N 1514-бен тiркелген) және "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 394 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1859-бен тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiнде: 1-тармақта "жалпы орта" деген сөздерден кейiн "кәсiптiк бастауыш," деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтың бiрiншi абзацындағы: "(мемлекеттiк бiлiм гранты мен мемлекеттiк бiлiм несиесi)" деген сөзден кейiн "бюджеттiк қаражат" деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақта: бесiншi абзацта "кадрларды даярлау" деген сөздердiң алдынан "құрылтайшылар белгiлеген және Бiлiм беру ұйымдарына қабылдау ережесiнде бекiтiлген тәртiпке сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын; алтыншы абзацта "жоғары оқу орны" деген сөздер "жоғары оқу орындарында" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: бiрiншi абзац алынып тасталсын; екiншi абзацта "немесе кәсiптiк жоғары" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ақылы негiзде қысқартылған мерзiмде оқуға кәсiптiк жоғары бiлiмi бар азаматтарды қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады"; 6-тармақта "азаматтарды" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақта: екiншi абзацта: "Мәдениет" деген сөздiң алдынан "021040 - Журналистика мамандығы," деген сөздермен толықтырылсын; "031140" деген саннан кейiн "031240" деген санмен толықтырылсын; 8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Студенттер қатарына қабылдау үшiн қажеттi ең төменгi баллдың саны кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша 40 баллды құрайды." 10-тармақ "бiткен" деген сөздiң алдынан "соңынан өткiзiлетiн жауап парақтарын сканерлеу" деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақта: екiншi сөйлемдегi "45" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын; үшінші сөйлемде: "Мәдениет" деген сөздiң алдынан "021040 - Журналистика мамандығы," деген сөздермен толықтырылсын; "031140" деген саннан кейiн "031240" деген санмен толықтырылсын; төртiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Арнайы (шығармашылық) емтихан бойынша 10 баллдан кем алған немесе оларға қатыспаған талапкерлер, осы мамандық бойынша түсу үшiн кешендi тестiлеуге жiберiлмейдi."; 11-1-тармақта: екiншi абзацта: "7" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын; "8" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын; "14" деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын: "5-қосымша бойынша жоғары оқу орындарына түсетiн талапкерлердi кешендi тестiлеу 13 шiлдеде жүргiзiледi"; 2-тараудың тақырыбындағы "алуға" деген сөзден кейiн "кешендi" деген сөзбен толықтырылсын.; 13-тармақта: "азаматтарды" деген сөздер "талапкерлердi" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Аймақтық комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру ережесiн Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) бекiтедi." 14-тармақта: "орта кәсiптiк" деген сөздiң алдынан "кәсiптiк бастауыш немесе" деген сөздермен толықтырылсын; "құжаттың көшiрмесiн" деген сөзден кейiн "суретiмен бiрге" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi, және төртiншi абзацтармен толықтырылсын: "Шет ел тiлiнде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тiлдерiндегi нотариальдық расталған аудармасы болуы тиiс. Шетел азаматтары ұсынатын құжаттар белгiленген тәртiпте бекiтiлген болуға тиiстi. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек адамдар, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектер таңдап алған мамандықтары бойынша оқу үшiн қарсы дәлелдiң жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының (МӘСК) қорытындысын бередi. Түсу емтиханын тапсырмай мемлекеттiк бiлiм грантын алуға құқығы бар адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына осы құқықты растайтын құжатты және осы типтiк ережелерде белгiленген мерзiмде олардың таңдаған мамандықтарына түсу туралы өтiнiш бередi."; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: "14-1. Кешендi тестiлеуге келген талапкер куәлiгiн (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуi тиiс"; 17-тармақ "жүргiзедi" деген сөздiң алдынан "Технология бойынша" деген сөзбен толықтырылсын; 21-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Апелляцияға өтiнiш аймақтық комиссияның төрағасы бекiтетiн, апелляциялық комиссияға Tecтiлеу нәтижелерi хабарланғаннан кейiн келесi күнгi сағат 13-кe дейiн берiледi және бiр тәулiктiң iшiнде апелляциялық комиссияда қаралады. Апелляциялық комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi."; 22-тармақта: "комиссия" деген сөз "конкурстық негiзде" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Тағайындауды Министрлiктiң конкурстық комиссиясы оның жұмыс Ережесiне сәйкес жүзеге асырады"; 23, 24, 25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "23. "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылар мемлекеттiк бiлiм гранттарын алуға құқылы және жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсырмай-ақ қабылданады. Ағымдағы жылдың жалпы орта бiлiм беретiн пәндерi бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңiмпаздары болып табылатын жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерi (I, II, IIІ дәрежелi дипломдармен марапатталған), сондай-ақ соңғы үш жылдағы республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының жеңiмпаздары (I, II, ІII дәрежелi дипломдармен марапатталған) олар жеңiмпаз болып табылатын олимпиада мен ғылыми жарыстардың конкурстардың пәндерiне таңдап алған мамандықтары сәйкес келген жағдайда, мемлекеттiк бiлiм грантын алуға құқылы және жоғары оқу орнына түсу емтихандарын тапсырмай-ақ қабылданады. Республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың, республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының пәндерiне сәйкес келетiн мамандықтардың тiзбесiн Министрлiк бекiтедi. 24. 4-қосымшаға сәйкес ауылдық бiлiм беру ұйымын бiтiрген ауыл жастарының қатарынан шыққан азаматтар үшiн жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға түскен кезде ауылдың экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысынан 30 пайыз көлемiнде қабылдау квотасы көзделедi. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкiлдерi үшiн, жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға түскен кезде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысынан 2 пайыз көлемiнде қабылдау квотасы көзделедi. Бұл санаттағы азаматтарға мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау және мемлекеттiк бiлiм несиелерiн бepу мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысында бекiтiлген орындардың санына сәйкес мамандарды даярлаудың бағыттары бойынша мемлекеттiк сертификаттардағы баллдарға сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылады. 25. Мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау бiрiншi кезекте осы Типтiк ережелердiң 23-тармағына сәйкес жоғары оқу орындарына конкурстан тыс түсуге құқы бар азаматтарға жүзеге асырылады. Бұдан әрi мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау және мемлекеттiк бiлiм несиелерiн беру белгiленген ауыл квотасын ескерiп, мамандықтар мен тiл бөлiмдерi бойынша мемлекеттiк сертификаттар баллына сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бiлiм грантын тағайындау мен мемлекеттiк бiлiм несиесiн беру бiрiншi кезекте өтiнiште бiрiншi көрсетiлген мамандықтар бойынша жүзеге асырылады (бiрiншi кезең). Мамандықтар iшiндегi конкурстық негiзде тағайындау үшiн тiлдiк бөлiмдерден бiр-бiрден бос орын берiледi. Мемлекеттiк бiлiм гранттарын конкурстық тағайындау мен мемлекеттiк бiлiм несиелерiн берудiң бiрiншi кезеңiнен кейiн қалған бос орынға конкурстың екiншi кезеңi өткiзiледi, онда конкурстың бiрiншi кезеңінен өтпей қалған және екiншi мамандықты көрсеткен (екiншi мәлiмдеген мамандық бойынша конкурс) азаматтар қатысады. Мамандықтар iшiндегi конкурстық негiзде тағайындау үшiн тiлдiк бөлiмдерден бiр-бiрден бос орын берiледi. Мемлекеттiк бiлiм гранттарын конкурстық тағайындау мен мемлекеттiк бiлiм несиесiн берудiң екiншi кезеңiнен кейiн қалған бос орынға конкурстың үшiншi кезеңi өткiзiледi, онда конкурстың алғашқы екi кезеңiнен өтпей қалған және үшiншi мамандықты көрсеткен (екiншi мәлiмдеген мамандық бойынша конкурс) азаматтар қатысады. Мамандықтар iшiндегi конкурстық негiзде тағайындау үшiн тiлдiк бөлiмдерден бiр-бiрден бос орын берiледi. Мемлекеттiк бiлiм гранттарын конкурстық тағайындау мен мемлекеттiк бiлiм несиесiн берудiң үш кезеңiнен кейiн қалған бос орындар мәлiмделген оқыту нысанына және тiл бөлiмiне қарамастан, жоғары өту баллымен мамандықтарға дайындау бағыттарының iшiнде қайта бөлiнедi. 26. Мемлекеттiк сертификаттар баллдарының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау немесе мемлекеттiк бiлiм несиелерiн беру, сондай-ақ бюджеттiк қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттiк бiлiм алудың басым құқығы жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуға тиым салынбаған жағдайда, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге, бала кезден мүгедектерге, үздiк аттестаттары не кәсiптiк бастауыш және орта бiлiмдi үздiк дипломдары бар, содан соң аттестаты не дипломының ең жоғарғы орта баллы бар, бұдан әрi 3-қосымшаға сәйкес бейiндiк пәндер бойынша ең жоғары баллы бар азаматтарға берiледi."; 28-тармақта: мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын: "Аймақтық комиссия мемлекеттiк бiлiм гранттарын немесе несиелерiн иеленген азаматтарды тиiстi куәлiк алу керектiгi туралы хабардар етедi."; екiншi абзацта "аймақтық комиссиямен" деген сөз алынып тасталсын; 29-тармақта: "29" деген сан "27" деген санмен ауыстырылсын; "жалпы орта" деген сөздерден кейiн "кәсiптiк бастауыш," деген сөздермен толықтырылсын; "сондай-ақ мемлекеттiк сертификат және/немесе" деген сөздер "мемлекеттiк сертификат, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын; 30-тармақта: бiрiншi абзацта "тиiстi" деген сөз "даярлаудың тиiстi бағытына немесе кәсiптiк жоғары бiлiм мамандығына," деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзацта "куәлiгi" деген сөздiң алдынан "мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау немесе мемлекеттiк бiлiм несиелерiн алуға құқық беру туралы" деген сөздермен толықтырылсын; 33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "33. Осы Типтiк ереженi және Кешендi тестiлеу технологиясын бұзған мемлекеттiк бiлiм гранттары мeн мемлекеттiк бiлiм несиелерi иегерлерiнiң куәлiктерi жоюға жатады."; 2-қосымша 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 4-қосымша 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 3-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм департаментi (Б.С. Әбдiрәсiлов) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Басқа 1. Мемлекеттiк құпиялармен жұмысты талап ететiн кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтарының тiзбесi
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2003 жылғы 22 ақпандағы № 116-1 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекiтiлген жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiне 2-қосымша Мемлекеттiк құпиялармен жұмысты талап ететiн кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтарының тiзбесi
Тармақ 1
1. 011100 - Картография;
Тармақ 2
2. 021600 - Юриспруденция мамандандырулар бойынша: "Жедел-криминалистикалық"; "Тергеу-криминалистикалық"; "Қылмыстық-атқарушылық";
Тармақ 3
3. 110400 - Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар;
Тармақ 4
4. 320100 - Қолданбалы геодезия;
Тармақ 5
5. 320200 - Аэрофотогеодезия;
Тармақ 6
6. 370300 - Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы;
Тармақ 7
7. 390900 - Ядролық-химиялық технология;
Тармақ 8
8. 430700 - Жылу және атом электр станцияларын салу.
Басқа 2. Ауыл бiлiм беру ұйымын бiтiрген азаматтарға арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасының жоғары кәсiптiк бiлiм мамандықтары мен даярлау бағыттарының тiзiмi
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2003 жылғы 22 ақпандағы № 116-1 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекiтiлген жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiне 4-қосымша Ауыл бiлiм беру ұйымын бiтiрген азаматтарға арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасының жоғары кәсiптiк бiлiм мамандықтары мен даярлау бағыттарының тiзiмi ___________________________________________________________________   Код    |   Жоғары кәсiптiк бiлiм мамандықтары мен бакалаврлар          |               даярлау бағыттарының атауы ___________________________________________________________________            010100 Жаратылыстану ғылыми мамандықтары ___________________________________________________________________ 010140     Математика 010440     Физика 010540     Информатика 010740     Химия 010840     Биология 010940     Экология және табиғат пайдалану 011040     География 011240     Метеорология 011340     Гидрология 011440     Геология 011540     Валеология ___________________________________________________________________            020000 Гуманитарлық-әлеуметтiк мамандықтар ___________________________________________________________________ 020340     Тарих 020440     Мәдениеттану 020840     Археология және этнология 021040     Журналистика 021240     Қазақ тiлi мен әдебиетi 021340     Орыc тiлi мен әдебиетi 021840     Дінтану 022140     Шығыстану ___________________________________________________________________                 030000 Педагогикалық мамандықтар ___________________________________________________________________ 030140     Математика 030240     Физика және информатика 030340     Химия және биология 030540     Тарих, құқық пен экономика негiздерi 030640     Тарих және география 030740     Қазақ тiлi мен әдебиетi 030940     Орыс тiлi мен әдебиетi 031140     Дене шынықтыру және спорт 031240     Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру 031340     Кәсіптік оқыту (профиль бойынша) 031440     Педагогика және психология 031540     Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі 031640     Дефектология 031740     Музыкалық білім 031840     Бейнелеу өнері және сызу 031940     Шетел тілі: екі шетел тілі 032040     Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік 032140     Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту әдістемесі мен            педагогикасы 032240     Әлеуметтік педагогика ___________________________________________________________________                   040000 Медициналық мамандықтар ___________________________________________________________________ 040140     Емдеу ісі 040240     Педиатрия 040340     Медициналық-профилактикалық іс 040440     Стоматология 040540     Фармация 040640     Шығыс медицинасы 040840     Медициналық-биологиялық iс ___________________________________________________________________                  050000 Ветеринарлық мамандықтар ___________________________________________________________________ 050140     Ветеринарлық медицина 050240     Ветеринарлық санитария ___________________________________________________________________          060000 Мәдениет, өнер және сәулет мамандықтары ___________________________________________________________________ 061540     Кiтапханатану және библиография 061640     Бос уақыттың мәдениеттiлiгі iсi 061740     Мұражайлық іс және ескерткіштерді қорғау 062140     Дәстүрлі музыкалық өнер (өнер бойынша) ___________________________________________________________________            070000 Экономика және басқару мамандықтары ___________________________________________________________________ 070240     Экономика (профиль бойынша) 070340     Статистика 070440     Мемлекеттік және жергілікті басқару 070540     Маркетинг және коммерция 070740     Бухгалтерлiк есеп және аудит 070840     Кәсiпорындағы экономика және басқару (салалар бойынша) 070940     Ұйым менеджменті (салалар бойынша) ___________________________________________________________________                  090000 Пәнаралық мамандықтар ___________________________________________________________________ 090540     Техникалық-құқықтық сараптау (салалар бойынша) 090740     Тауартану және тауарлар сараптау (қолданыс аясы бойынша) 091040     Әлеуметтік жұмыс 091340     Ақпараттық жүйелер (салалары және қолданыс аясы бойынша) 091540     Мүлікті кадастрлы-құқықтық сараптау ___________________________________________________________________          140000 Технологиялық машиналар және жабдықтар ___________________________________________________________________ 140140     Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты көркейту            машиналары мен жабдықтары 140440     Ауылшаруашылығы машиналары мен жабдықтары 140540     Мұнай және газ өнеркәсіптерінің машиналары мен жабдықтары 140740     Тамақ өндірістерінің аппараттары мен машиналары ___________________________________________________________________                 170000 Өмір-тіршілік қауіпсіздігі ___________________________________________________________________ 170140     Өрт қауіпсіздігі 170240     Еңбек және өмiр-тiршiлiк қауіпсiздiгi 170340     Қолданбалы экология (салалар бойынша) 170440     Қоршаған ортаны инженерлік қорғау 170540     Төтенше жағдайлардағы қорғау ___________________________________________________________________            180000 Қолданбалы геология және барлау ___________________________________________________________________ 180240     Іздестiрулер мен барлаудың геофизикалық әдiстерi 180340     Mұнай және газ геологиясы 180440     Гидрогеологиялық, инженерлiк геология және геоэкология ___________________________________________________________________                  200000 Мұнай-газ iсi ___________________________________________________________________ 200140     Mұнай мен газ кен орындарын игеру 200240     Mұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау ___________________________________________________________________                   210000 Электроэнергетикасы ___________________________________________________________________ 210540     Ауылшаруашылығы өндiрiсiн электрлендiру және            автоматтандыру ___________________________________________________________________                  220000 Жылу энергетикасы ___________________________________________________________________ 220240     Су және отын технологиясы 220540     Шағын кәсiпорындар мен ұйымдардың энергетика жабдықтары            мен энергетика шаруашылығы ___________________________________________________________________                     270000 Теңiз техникасы ___________________________________________________________________ 270240     Кеменiң энергетикалық қондырғылары мен жабдықтары ___________________________________________________________________                     280000 Көлiк техникасы ___________________________________________________________________ 280140     Автомобиль және трактор жасау 280340     Көтерiп-тасымалдайтын, құрылыс жол машиналары мен            жабдықтары 280540     Автомобильдер мен автомобиль шаруашылығы ___________________________________________________________________                  300000 Көлiктi пайдалану ___________________________________________________________________ 300140     Тасымалдауды ұйымдастыру және басқару (көлік түрлері            бойынша) 300440     Жол қатынасын ұйымдастыру 300540     Тиеп-түciру жұмыстарын механикаландыру ___________________________________________________________________                        320000 Геодезия ___________________________________________________________________ 320140     Қолданбалы геодезия ___________________________________________________________________       330000 Электромеханика және электротехникалық жабдықтар ___________________________________________________________________ 330740     Көлiк құралдарының электр жабдықтары 330840     Технологиялық кешендердiң электржетегi мен            автоматтандырылуы (салалар бойынша) ___________________________________________________________________          380000 Радиоэлектроника және телекоммуникации ___________________________________________________________________ 380140     Байланыс желiлерiн жалғау жүйелері 380740     Жылжымалы байланыс жүйелерi мен құралдары 380940     Радиобайланыс және радионавигация ___________________________________________________________________   400000 Кең тұтынылатын бұйымдар мен тауарлардың технологиясы ___________________________________________________________________ 400340     Үлбiр және былғары технологиясы 400440     Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдардың технологиясы 420000     Азық-түлiк тағамдары технологиясы 420140     Астық өңдеу және наубайхана өнiмдерi технологиясы 420240     Кондитер және қантты тағамдар технологиясы 420340     Консервiлер, тағамдық концентраттар және субтропиктiк            тағамдар технологиясы 420440     Ашыту өндiрiстерi мен шарап жасау технологиясы 420540     Ет және сүт тағамдары технологиясы 420640     Балық тағамдары және май технологиясы 420740     Қоғамдық тамақтандыру мен арнайы тағайындалатын тағамдар            технологиясы ___________________________________________________________________                         430000 Құрылыс ___________________________________________________________________ 430140     Өнеркәсiптiк, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы 430640     Сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау 430840     Құрылысты механикаландыру, автоматтандыру және            механикалық жабдықтар ___________________________________________________________________                     440000 Көлiк құрылысы ___________________________________________________________________ 440140     Темiр жолдар салу, жол және жол шаруашылығы 440240     Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу 440340     Көпiрлер мен көлiк тоннельдері ___________________________________________________________________     450000 Ауыл, орман және балық шаруашылықтарының мамандықтары ___________________________________________________________________ 450140     Агрономия 450240     Жемiс, көкөнiс және жүзiм шаруашылығы 450340     Фермерлiк iс 450440     Агроэкология 450540     Агрохимия және өсiмдiктердi қорғау 450640     Өсiмдiк шаруашылығының селекциясы және технологиясы 450740     Мал шаруашылығының селекциясы және биотехнологиясы 450840     Мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және қайта өңдеу            технологиясы 450940     Аңшылықтану мен аң шаруашылығы 451040     Ихтиология, өнеркәсіптiк балық аулау және балық            шаруашылығы 451140     Су ресурстары және суды пайдалану 451240     Жердi мелиорациялау, рекультивациялау және қорғау 451340     Ауыл шаруашылығы өндiрiсін механикаландыру 451440     Агротехникалық ceрвис 451540     Орман және парк шаруашылығы 451640     Орман инженерлiгi iсi 451740     Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн стандарттау және ceртификаттау ___________________________________________________________________            460000 Жерге орналастыру және жер кадастры ___________________________________________________________________ 460140     Жер ресурстарын басқа және жерге орналастыру 460240     Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi бағалау ___________________________________________________________________                   510000 Жаратылыстану ғылымдары ___________________________________________________________________ 510130     Математика 510430     Физика 510730     Химия 510830     Биология 510930     Экология 511030     География 511230     Гидрометеорология 511430     Геология ___________________________________________________________________      520000 Гуманитарлық және әлеуметтiк-экономикалық ғылымдар ___________________________________________________________________ 520330     Тарих 520430     Мәдениеттану 520530     Коммерция 520830     Экономика 521030     Журналистика 521530     Әлеуметтiк жұмыс 521730     Өнер түрлерi бойынша 521830     Дiнтану 521930     Дене шынықтыру 522130     Шығыстану 522230     Менеджмент 522330     Статистика ___________________________________________________________________                     540000 Пәнаралық ғылымдар ___________________________________________________________________ 540330     Педагогика 540430     Мемлекеттiк және жергiлiктi басқару 541530     Ақпараттық жүйелер (салалар және қолданыс аясы бойынша) ___________________________________________________________________                     550000 Техникалық ғылымдар ___________________________________________________________________ 551630     Стандарттау, ceртификаттау және метрология 551730     Өмiр-тiршiлiк қауіпсiздiгi 553230     Геодезия және картография 554130     Ағаш өңдеу өндiрiстерiнiң технологиясы 554230     Азық-түлiк өнiмдерi технологиясы 554330     Құрылыс ___________________________________________________________________
Басқа 3. Жоғары оқу орындарының тiзбесi
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2003 жылғы 22 ақпандағы № 116-1 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекiтiлген жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiне 5-қосымша Жоғары оқу орындарының тiзбесi
Тармақ 1
1. "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 2
2. "Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 3
3. "Қазақ ұлттық музыка академиясы" мемлекеттiк мекемесi.