О внесении дополнений в решение акима Западно-Казахстанской области от 25 февраля 2000 года № 29 «О государственном учреждении «Областное управление жилищно-коммунального, дорожного хозяйства и транспорта» Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 29 «Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.03.2004 № 67 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, 2002 жылдың 25 қаңтардағы барлық деңгейдегі әкімдердің республикалық кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі шаралар Жоспарына сәйкес облыстық коммуналдық саладағы басқаруды жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің "Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы" 2000 жылғы 25 ақпандағы №29 шешіміне төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) шешімнің №1 қосымшасының ІІІ бөліміндегі "басқарманың қызметі"
3.1 пунктінің 2 абзацы "коммуналдық дамыту" сөздерінен соң "және көлік" сөздерімен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) ІV бөліміндегі "басқарманың құқықтары" 4.1. пункті мына мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын "мемлекеттік кәсіпорындардың уәкіл органы болуға, олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатынасты мемлекеттік меншік субъектісінің құқықтарын жүзеге асыруға, басқада оның алуына қойылған міндеттерден туындайтын және заңға қайшы келмейтін қызметтерді атқарады".
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.П.Качалоға жүктелсін.