О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 января 2001 года N 133 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.10.2004 N 1105 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
3-тармақтағы "4" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтағы, 10-тармақтың 1) тармақшасындағы, 11-тармақтың 1) тармақшасындағы "кен-металлургия, химия" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтың 13) тармақшасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағының," деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) инвестициялық бағдарламалар конкурстарын ұйымдастырады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқықтар беру жөнінде келіссөздер жүргізеді;";
40) тармақша алынып тасталсын;
41) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтініндегі "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектілерін, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын" деген сөздер "бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының объектілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" бөліміндегі реттік нөмірлері 8 және 20-жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.