О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 января 2001 года N 133 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 20-3) тармақшамен толықтырылсын:
"20-3) газды жеткізумен, тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.