О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и поддержке малого бизнеса от 25 апреля 2001 года N 86-ОД "Об утверждении Правил формирования и ведения Государственного реестра субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на определенном товарном рынке", зарегистрированный за N 1511 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" N 1511 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 86-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 18 мамырда N 1511 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдерінің бюллетенінде 2001 жылғы 13 маусымдағы N 25, 436-құжат жарияланған, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 13 маусымдағы N 122-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы N 07-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 86-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесіндегі:
Тармақ 17
17-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру департаменті (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А.Токарева):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.