О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и поддержке малого бизнеса от 25 апреля 2001 года N 86-ОД "Об утверждении Правил формирования и ведения Государственного реестра субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на определенном товарном рынке" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субьектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi N 86-НҚ бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Тармақ 1
1. "Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi N 86-НҚ  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 18 мамырда N 1511 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жаршысында жарияланған, 2001 жыл, N 25, 436-құжат, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2002 жылғы 13 маусымдағы N 122-НҚ  бұйрығымен  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiнiң: 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 13
"13. Тiзiлiмдi қалыптастыру кезiнде тауар рыноктарын талдау үшiн:
Тармақша 1
1) рыноктардағы өндiрiстiң, экспорттың және импорттың көлемдері туралы статистикалық ақпарат;
Тармақша 2
2) қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары туралы есептер; өнiмдердiң монополиялық түрлерi жөнiндегi ақпарат: шығару көлемдерi, босату бағалары және өндiру табыстылығы;
Тармақша 3
3) рыноктар субъектiлерiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өндiру көлемдерi, рынокқа жеткiзу, рынокқа енгiзу көлемдерi, рыноктан тыс жерге шығару көлемдерi, рынокқа экспорттау және импорттау туралы ақпарат;
Тармақша 4
4) монополияға қарсы орган жүргiзген тексерiс процесiнде алынған ақпарат;
Тармақша 5
5) монополияға қарсы органның тауар рыногына талдау жүргiзу процесiнде, соның iшiнде консультанттарды тартумен, алынған ақпарат;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдар ұсынған ақпарат;
Тармақша 7
7) монополияға қарсы органның өзiнiң мiндеттерi мен функцияларын орындау процесiнде алған өзге ақпаратты пайдаланылуы мүмкiн. Рынок субъектiсiн монополист деп тану туралы қорытынды дайындау кезiнде монополияға қарсы органдар монополияға қарсы орган жанындағы Сараптама кеңесiнiң және басқа сарапшылардың ұсынымдарын ескеруге құқығы бар."; 14-тармағындағы "жыл қорытындысы бойынша қалыптасады" деген сөздер алынып тасталсын; 15-тармағындағы "жыл iшiнде" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiнiң N 1-қосымшасының атауындағы "___" жылға арналған" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Бәсекелестiктi қорғау және дамытуды үйлестiру департаментi (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк және аумақтық жұмыстар департаментi (Б.Б.Досан):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енедi. Төраға