О внесении изменений в постановление акимата области от 25 сентября 2001 года № 61 "Об утверждении Временных правил приобретения жилья для малообеспеченных семей из числа репатриантов (оралманов) и выплаты им единовременной материальной помощи" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Репатрианттар (оралмандар) арасындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін тұрғын үй сатып алу және оларға бірмезгілдік материалдық көмек төлеудің уақытша Ережесін бекіту туралы" облыс әкімиятының 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 61 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігіның 2004 жылғы 10 маусымдағы № 91 қаулысымен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының заңының талаптарына сәйкес, оралмандар арасындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін жергілікті бюджет қаржысынан тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу процесін тәртіпке келтіру мақсатында, облыс әкімиятьг ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: "Репатрианттар (оралмандар) арасындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін тұрғын үй сатып алу және оларға бірмезгілдік материалдық көмек төлеудің уақытша Ережесін бекіту туралы" облыс әкімиятының 2001жылғы 25 қыркүйектегі № 61 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
Тармақ 1
1. Қаулының тақырыбындағы және мәтініндегі: "репатрианттар(орамандар)" сөздері "оралмапдар" сөзіне ауыстырылсын; "Уақытша" сөздері алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Жоғарыда көрсетілген қаулының 1 тармағымен бекітілген, оралмандар арасындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін түрғын үй сатып алу және оларға бірмезгілдік материалдық көмек төлеудің Ережелері қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Басқа 3
Облыс әкімиятының 2002 жылғы «19» сәуірдегі №_73_қаулысына қосымша Оралмандар арасындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін тұрғын үйлер сатып алудың және оларға бірмезгілдік материалдық көмек төлеудің уақытша ЕРЕЖЕСІ Оралмандар арасындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін тұрғын үйлер сатып алудың осы Ережесі (одан әрі - Ереже) жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді жұмсау үшін потенциалды жеткізушілер мен бағдарламаның әкімшісі (Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті) араларында тұрғын үйлерді сатып алу процесінде туындайтын құқықтық қатынастарды тәртіпке келтіру мақсатында Солтүстік Қазакстан облысы әкімінің 2001 жылғы 28 маусымдағы "Облыс әкімінің 2000 іш 12 желтоқсандағы "2001 жылғы облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 28 маусымдағы 12 сессиясының "Облыстық мәслихаттың 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "2001 жылғы облыстық -бюджет туралы" №8/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" . шешімі туралы"12/1 шешімі туралы №33 қаулысын орындау үшін әзірленген.
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) сатып алынатын тұрғын үй түрілері- мемлекеттік сатып алуға ұсынылатын жекелеген тұрғын үйлер бірлігі (жеке меншік тұрғын үй, пәтер);
Тармақша 2
2) осы Ережеде сондай-ақ, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңда қарастырылған түсініктер пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Петропавл қаласында оралмандар қатарынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына үй сатып алуды еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті жанындағы оралмаңдар үшін тұрғын үй сатып алу жөніндегі конкурстық комиссия, оған комиссия құрамына коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жөніңдегі департаменттің, " Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" РМК, көші-қон және демография басқармасы, келісім бойынша басқа органдар өкілдерін қосымша енгізе отырып жүзеге асырады. Осы ретте сатып алу тәсілін таңдау «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес конкурс ұйымдастырушысымен айқындалады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйді іріктеу және тексеру, техникалық құжаттарын және басқа да қажетті материалдарды аудандар мен Петропавл каласы әкімдерінің жанындағы аяқталған құрлыстық нысандарды қабылдау жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Тексеру акті тиісті құжаттармен конкурс ұйымдастырушысына жіберіледі, ол оралмандар үшін тұрғын үй сатып алу туралы ақырғы шешім қабылдайды. Конкурс ұйымдастырушысы шешімдерінің және оларга берілген сенімхат негізінде, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау аудандық бөлімдерінің (қалалық басқарманың) өкілдері конкурс ұйымдастырушысы атынан тұрғын үйлерді(пәтерлерді) сатып алу-сату келісім шартын жасайды және оларға мемлекеттік тіркеу жүргізеді.
Тармақ 4
4. Оралмандар үшін сатып алынатын тұргын үйлер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамаларында көзделген техникалық, санитарлық және басқа да белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс және коныстануға даяр болуы керек.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Тұрғын үйлерді сатып алу тәртібі мен ерекшеліктері
2. Тұрғын үйлерді сатып алу тәртібі мен ерекшеліктері
Тармақ 5
5. Оралмаңдар үшін тұрғын үй сатып алу жөніндегі конкурсты үйымдастыру және жүргізуді еңбек, жұмыспен қамту және халықты алеуметтік қорғау департаменті жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаларына сәйкес және өзінің қүзіреті шегінде оралмандар үшін тұрғын үйлерді мемлекеттік сатып алу іске асыру туралы шешім қабылдайды, жергілікті бюджетте көзделген қаржы шегінде сатып алынатын тұргын үйлердің санын бекітеді Конкурстық процедураны дұрыс жүргізу жауапкершілігі еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысына жүктеледі.
Тармақ 7
7. Бағдарламаның әкімшісі - еңбек, жұмыспен қамту және халықты алеуметтік қорғау департаменті оралмаңдар қатарыңдағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін тұрғын үйлерді сатып алады, тиісті құжаттарын ресімдеген соң олардың тізбесін, ілгеріде оларды аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің коммуналдық меншігіне одан әрі беру үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіруді басқару жөніңдегі департаментке жібереді.
Тармақ 8
8. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері сатып алынған үйлердің балансын ұстаушыны анықтайды және тұрғын үйлер мен олардың тиісті құжаттарын қабылдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Оралмандар үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу тәртібі
3. Оралмандар үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу тәртібі
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы "Оралмандар үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалану туралы Ережені бекіту туралы" №1194 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің квотасынан тыс көшіп келген оралмандарға, аз қамтьшған азаматтар ретінде, жергілікті бюджеттен бірмезгілдік материалдық көмектер көрсетуге қаржы бөлінеді, олар келесі шығындарды жабуды қамтиды: - отбасы басшысына бірмезгілдік жәрдемақы - 15 есептік айлық көрсеткіш мөлшеріңде, әр отбасы мүшелеріне - 10 есептік айлық көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 10
10. Оралмандар арасындағы аз қамтылған отбасылар үшін бірмезгілдік материалдық көмек төлеу еңбек, жұмыспен камту және халықты әлеуметтік қорғау департаментімен бекітілген тізім негізінде төленеді.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Қаржыландыру тәртібі
4. Қаржыландыру тәртібі
Тармақ 11
11. Бағдарламаның әкімшісі - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті тұрғын үйлерді сатып алу жөніңдегі төлемді тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы сату -сатып алу келісім- шарты, тұрғын үйдің техникалық төлқұжаты қоса берілген конкурстық комиссия хаттамасы негізінде , екінші деңгейдегі банк филиалдарында ашылған жеке есеп шотына ақша аудару жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Облысқа квотадан тыс көшіп келген оралмандар арасындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін бірмезгілдік материалдық көмек екінші деңгейдегі банк филиалдарында алушылармен ашылған жеке есепшотына тиесілі ақша қаржысын аудару арқылы төленеді. Кәмелетке толған отбасы мүшелерінің тілектері бойынша және ол тиісінше ресімделген жағдайда, қаржы отбасы басшысының есепшотына аударылуы мүмкін