О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 25 сентября 2001 года № 63 «О финансовой поддержке субъектов предпринимательства Северо-Казахстанской области (р/г № 477 от 2 ноября 2001 г.) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінін «Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау туралы» 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 63 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Тіркеу № 477 2001 жыл 2 қараша) 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 10.06.2004 № 91 қаулысымен «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттін атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылык рәсімдердің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің «Солтүстік Қазакстан облысының кәсіпкерлік субъектілерін қаржылык қолдау туралы» 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 63 қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін (Тіркеу № 477 2001 жыл 2 қараша, «Северный Казахстан» газетінде 2001 жылғы 13 қарашада, «Солтүстік Қазакстан» газетінде 2001 жылғы 23 карашада): 3 тармакта: «кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау жөніндегі комиссия туралы ереже»; «кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау жөніндегі комиссиянын құрамы» абзацтары алынып тасталсын: Нұсқалған қаулымен бекітілген облыстык бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру тәртібі туралы Ережеде (1 қосымша деп есептелсін): 5 тармақтағы «облыс әкімімен» сөздері «облыстық бағдарлама әкімшілерімен» сөздеріне ауыстырылсын; келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Несие беруші (жергілікті атқарушы органмен) мен банкпен арасындағы келісімде төмендегілер ескеріледі: ақшалай міндеттеменің көлемі (несиенің); несие берудің нысаны; сыйақы ставкасы; қаржының негізгі сомасын төлеу мерзімі; қаржының негізгі сомасы мен сыйақы телеу кестесі; несие алушылардың міндетемелерін мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндіктері туралы; несиені қайтаруды қамтамасыз ету; карыздың негізгі сомасын жабу және сыйақы төлеу жөніндегі жеңілдік кезеңінін болуы (болмауы); несиені қамтамасыз ету (кепіл түрі); тараптардың келісім талаптарын орындауына жауапкершілігі; тараптардың оның талаптарын орындамаған жағдайдағы кызметі және келісімнің екінші тарабымен айыппұл мен төлемақы өсімін есепке алу.» 10, 11, 12, 13, 19 тармақтардағы «комиссия, комиссияның, комиссияға» сөздері тиісінше «жұмыс тобы, жұмыс тобының, жұмыс тобына» сөздеріне ауыстырылсын; келесі мазмұндағы 20 тармақпен толықтырылсын: «Несиені немесе кезекті төлемді өтеудің мерзімін ұзарту облыс әкімдігі қаулысынын негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімдердін өзгеруі тиіс қаржы жылына жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімімен бекітілген бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшеріне әсерін тигізбеуі тиіс».
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысынын кәсіпкерлік субъектілері қаржылық қолдау туралы» облыс әкімдігінің 2001 жылғы 25 кыркүйектегі № 63 каулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 154 қаулысының күші жойылсын.