О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 25 июля 2002 года № 141 "О создании областного Совета по делам инвалидов" (зарегистрировано в управлении юстиции 20 августа 2002 года № 1053) Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының "Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес құру туралы" 2002 жылғы 25 шілдедегі № 141 қаулысына (әділет басқармасында 2002 жылғы 20 тамызда № 1053 болып тіркелген) өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Маңғыстау облысы әкімиятының "Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес құру туралы" 2002 жылғы 25 шілдедегі № 141 қаулысына (әділет басқармасында 2002 жылғы 20 тамызда № 1053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін және белгіленген тәртіппен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге ұсынылсын:
1) Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес құрамына:
"Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы - облыс әкімінің орынбасары,
Кеңес төрағасы болып,
Доронина Раиса Есқалиқызы - облыстық соқырлар қоғамының
төрайымы (келісім бойынша),
Қарабалина Гүлшат Қабдулқызы - Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің
Маңғыстау облысы бойынша
департаменті директорының
орынбасары, Маңғыстау облысы
бойынша медициналық
әлеуметтік
сараптама жөніндегі бас
сарапшы
(келісім бойынша)"
енгізілсін.
Тармақша 2
2) Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңестің көрсетілген құрамынан Е.Күмісқали, В.К.Лисичкин шығарылсын.
Тармақша 3
3) Көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес туралы ережеде:
5 тармақтағы "тоқсанына" деген сөз "жарты жылда" деген сөздермен ауыстырылсын.